Алматы орталық мешіті Бас имамының ұйытқы болуымен, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай мешіт жамағаттары мен имамдар арасында Таугүл-3 мешітінің ұйымдастыруымен шағын футболдан турнир өткізілді. Оған ҚМДБ мен Орталық мешіт құрама командасы, Нұр-Мүбарак университеті және «Таугүл-3 мешіті» командалары және басқа да тілек білдіруші командалар келіп, жалпы саны сегіз команда алаңда бақ сынасты.
Спорттық шараны Бас имам Нұрбек қажы Есмағанбет мырза ашып: «Бүгінгі жеткен тәуелсіздік таңы сол бабаларымыз бен хандарымыздың ел үшін жасаған өлшеусіз еңбектерінің нәтижесі»,- дей келе турнирдің өткізілу мақсаты имамдар мен мешіт жамағатының арасын жақындату, өзара ауызбіршілігін нығайта түсу екендігін атап өтті. «Имамдар мен жамағат бүгін иық тіресе бақ сынасатын болады. Баршаларыңызға сәттілік тілеймін. Мықтылар жеңіске жетсін», - деп жылы лебізін арнады.
Сайысқа қатысушылар арасында мынадай командалар болды:
1. ҚМДБ мен Орталық мешіт құрама командасы (имамдар мен дін қызметкерлері)
2. Нұр-Мүбарак университеті (ұстаздар)
3. Сауықтыру (К.Масимов атындағы сауықтыру орталығының қызметкерлері)
4. Ақ жол (мешіт жамағаты)
5. Аса Дент (Тіс дәрігерлері)
6. Достар (мешіт жамағаты)
7. Ақ қанат (мешіт жамағаты)
8. Таугүл-3 мешіті (имамдар)
Жарысқа 3 кубок және 3 медаль тігілді. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, жүлделерді Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек қажы табыстады. Бірінші орынды «Таугүл-3 мешіті» командасы, екінші орынды «Сауықтыру» командасы, үшінші орынды «ҚМДБ мен Орталық мешіттің құрамасы» иеленді.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.03.2015
3244
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру