Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлағатты ұстаздан алған тәлім! (ФОТО)

09.03.2015 3052 0 пікір

Талдықорған қалалық «Иман» мешітінің ұйымдастыруымен бейсенбі күні қалаға қарасты барлық мешіттердің нәпіл ораза ұстаушы жамағаттарына ауызашар берілді. Аталмыш орталық «Иман» мешітінің жайған дастарханына келген қонағымыз, ҚМДБ-нан шариғат және пәтуа бөлмінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы ұстазымыз қатысты.

Алғашқы болып сөз алған Сансызбай ұстазымыздың айтқан мәнді де мағыналы уағызы, жанға шипа, көңілге медет, жамағаттың жүрегіне иман нұрын ұялатты. Уағыз барысында еліміздегі болып жатқан келеңсіз жайттар туралы айта келе, жат ағымдардың арбауына түсіп кетпеуді тілге тиек етті. «Ауызбірлікті ел азбас, тәртіпке бағынған құл болмас» демекші басшыға бағыну Алланың әмірі дей келе, имамға итағат етуімізді, әрі ауызбірлік болған жерде  бірлік болуы үшін жамағатты татулыққа  шақырды.

Ертеңгі  күні Қасиетті күндердің сұлтаны болған жұма намазына жиналған жамағатқа «Ата-ананы құрметтеу» тақырыбында кең ауқымды өсиет айта отырып, ата-ананың ақ батасын алған адам, Алланың разылығына бөленері сөзсіз екенінін, олардың  көңілдеріне қаяу салған адамның бұл өмірде де, ақыретте де, жазасының ауыр екенін түсіндірді.

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойыша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру