Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтауда қайырымдылық жәрмеңкесі өтті (ФОТО)

07.03.2015 3271 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітте намазхан қыз-келіншектердің ұйымдастыруымен «Жарты құрма болса да садақа бер» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Намазхан қыз-келіншіктер дініміздің бұйырған қайырымдылықта жарысыңдар насихатына сай өз қол еңбектерімен үйлерінде пісірген тағамдарын облыстық мешіт ауласына әкеліп, арзан бағаға сатып, қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Бұл қайырымдылық жәрмеңкесі облысымызда үшінші рет өтуде. Намазхан әйел жамағаты осылайша Алла разылығы үшін қол еңбектерімен тапқан қаржыларын жағдайы төмен, көмекке зәру науқас жандарға беріп келеді.

Қасиетті жұмада өткізілген қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен 127 000 теңге Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейтбеков ұсынысымен мешітте тізімде тұрған 8 мұқтаж отбасыға бөліп берілді.  Алдағы уақытта мұндай  жәрмеңке өтіп тұратын болады.

Жақсылық пен сауап істе жарысайық ағайын.  

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз хатшысы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру