Атырау қаласында І Республикалық имамдар форумын насихаттау мақсатында "Имамдар форумы ел бірлігін көздейді" атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Жиынға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Керімбекұлы, облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, еңбек ардагері Қатимолла Ризуанұлы, "Ақпараттық талдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Жарас Мағазұлы, "Әт-Тақуа" мешітінің бас имамы Өсімхан Аманбайұлы, теологтар және БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында 19-ақпан күні Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» деген атаумен өткізілген І Республикалық имамдар форумы тақырып өзегіне айналды.
Бас имам Б.Берденұлы имамдар форумының уақыт талабына сай өткізілгендігін атап, қорытындысы бойынша «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттардың бірауыздан қабылданғанын жеткізді.
Мұнымен қоса, аталмыш құжаттардың ел ынтымағы мен бірлігін онан әрі нығайту жолында қосар салмағының жоғары екенін кең көлемді баян етіп, алған әсерімен де бөлісті.
Сонымен қатар, өңірдің өкіл имамы аталған құжаттарды облыс тұрғындарына тегін тарату жоспары да бар екенін жеткізді. Өз кезегінде бас қосқан дін жанашырлары мұны игі істердің бастамасы деп біліп, бірауыздан дін қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.03.2015
3199
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру