Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құранның тағылымы (ФОТО)

06.03.2015 3388 0 пікір

Науан хазрет атындағы Көкшетау орталық мешітінде осындағы сауат ашу курсында білім алатын шәкірттер арасында «Құран және ғылым» атты тақырыпта байқау болып өтті. Оған діни сауатын ашып жүрген барлық жастағы ер адамдар қатысты.

Байқау қатысушыларын облыс имамы Қанат Қыдырмин құттықтап,  «жүзден жүйріктер» шығатын жарысқа табыс тіледі. Әділқазылар да мешіттің имамдары мен ұстаздарынан таңдалынып алынды. Көрермендер де бұл шараның тағылымды екеніне ден қойды.

Бақтарын сынап, жарысқа түскендер Құранның бір ғылым жайлы баяндалған аятын таңдап алып, оны ғылыми негізде жарыстың талабына сай слайд немесе бейнеролик арқылы  түсіндіріп беруге тырысты. Әлемдік ғылым жетістіктерінде айтылатын Құран таңғажайыптары да жұрт назарына ұсынылды.  Сөйтіп, бұл байқауда өзінің білімімен жұртты таңқалдырған Сұлтанғазы Есенжолов бас жүлдені иеленді. Ал қалған жүлделі екі орын Ербол Жанабеков пен Қайролла Шыңғысқа бұйырды.

Сонымен бірге, байқау ұйымдастырушылары ең жасы үлкен Амантай ақсақалға және ең жасы кіші, яғни, тоғыз жасар Ақылбек Әмірге арнайы сыйлықтар табыс етті.

Бақыт СМАҒҰЛ,

 Ақмола облысы.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру