Екібастұз қалалық мешітінде Павлодар облысына қарасты барлық қала, аудан имамдары және Екібастұз ауданына қарасты ауыл мешіті имамдары түгелдей қатысқан кезекті көшпелі жиналысы өтті. Жиналысқа облыстық діни істер басқармасының бас маманы Досмаков Рүстем Ержаұлы, Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі Макраев Нияз Құдайбергенұлы қатысып өз лебіздерін білдірді.
Жиналысты ұйымдастырған ҚМДБ-ның Павлодар ооблысы бойынша өкіл имамы Н.Исенов барлық қала, аудан имамдарының 2015 жылдың алғашқы 2 айында атқарған басты іс-қызметтерінің қысқаша есептерін тыңдады. Келесі кезекте «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб имамдары Х.Аманқұлов, Н.Манапбаев және аппарат жетекшісі У.Мақұлұлы, Жалпы және жастар ісі бөлімінің жетекшісі А.Тілеубекұлы, баспасөз қызметін жауаптанған А.Тойшыбайұлы өз кезектерінде мешіт қызметі, имамдардың атқарып жатқан іс-шараларына қатысты кезекті тапсырмалары мен алдағы уақыттарда назарда ұстауға тиісті мәселелерді ортаға салды. Басқосуда, бірінші Республикалық имамдар форумында бекітілген басты құжаттарды насихаттау, 2015 жылғы жылдық жоспар іске асыру барысын әр имам тұрақты бақылауда ұстап дер кезінде есеп беріп тұру, шәкірттер даярлау, жастардың жат ағым жетегінде кетудің алдын алу т.с.с сан түрлі бағытта атқарылатын шаралар жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар облыстық «Әбу Ханифа» Қоғамдық Қорының директоры К. Кеңесбаев және аталмыш қордың төралқа мүшесі Ә.Түгелбаев ағалар сөз кезегін алып облысымыздағы мешіт және имамдармен бірлесіп жүзеге асыру үшін ойға алып жүрген келелі жобаларымен қоса кең көлемдегі ақыл-кеңестерін айтып, оларға Алла Тағаланың разылығына бөленетін сауапты амалдарының көп болуын тіледі.
Қысқа мерзімде қызу талқыланған мәселелерге тола болған бұл басқосу барысында Екібастұз қалалық мешітінің имамдары М.Ахметов, Д.Смағұлов, Т.Хусейінов, Х.Әбілдабектердің өз әріптестеріне арнаған Екібастұз өңіріне қатысты қала, аудан мешіттері туралы қысқаша видео роликті тамашалай отырып ауқаттанған облыс имамдары келесі кезекте қалалық «Жасыбай» спорт кешенінде болған минифутбол сайысына араларынан 8 команда болып күш сынасып, ала допты ұршықша иірді. Қорытынды есебімен «Мәшһүр Жүсіп» командасы 1-орынға сайыс кубогына ие болды.
Кезекті жиналыс осылайша ақ шапан мен сәлдесін шешіп алқалы жамағаттарының қошаметімен ала доп алаңында бір сәтке болсын айла мен амалын бәсекеге салған имамдардың өзара ойынымен қызықты болып байыды.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.03.2015
3309
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру