Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтауда «Дін және әйел» тақырыбында дөңгелек үстел өтті (ФОТО)

05.03.2015 3131 0 пікір

Бүгін Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұйымдастыруымен облыстық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында «Дін және әйел» атты дөңгелек үстел өтті. Халықаралық  әйелдер күні қарсаңында өткізіліп отырған шараға облыстағы әр түрлі салада еңбек етіп, түрлі мамандық иегері болып жүрген әйел азаматшалар шақырылды.  Басқосуда облыстық орталық мешітінің бас имамы С.Сейтбеков Исламдағы әйел адамның орны туралы айтып, «Әлемдегі діндердің ең асылы Ислам ана мен әйел затына ерекше құрметпен қарап, оларды қорғап, қолдауға шақырады. Аналарымыз, асыл жарларымыз, апа –сіңлілеріміз мереке күні ғана емес, өмір бойы ерекше ілтипатқа ие болуға лайықты. Исламда әйел мәртебесі өте жоғары. Біз ананың табаны астындағы жәннат үшін оның қадір қасиетін биік қоямыз», - деді өкіл имам С.Сейтбеков. 

Жиын соңында отырысқа қатысқан әйел адамдардың барлығына алғыс айтылып, сый -сияпат берілді.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру