Егіндікөл ауданы облыс орталығынан шалғайда орналасқан аудандардың бірі саналады. Кезінде өзге ұлт өкілі көп шоғырланған бұл өңірде ислам дінін дамыту да өміршең мәселеге айналды. Бірақ соңғы жылдары аудан жамағаты имандылық істердің жақсарғанын айтады.
Жақында ҚМДБ-ының Ақмола облысындағы өкілі Қанат Қыдырмин осы ауданда болып, жергілікті жамағатпен кездесу өткізді. Мүфтияттың тарапынан жасалып жатқан жұмыстар жайлы хабардар етті. Бас мүфтидің бұйрығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты аудан имамы Мереке Бекебаевтың орнына имам болып тағайындалған Айдын Ормановты таныстырды.
Жаңа имам осыған дейін Қорғалжын ауданына қарасты Сабынды ауылында имам болып қызмет еткен еді. Ал, Қанат Қыдырмин өз кезегінде бұрынғы аудан имамы Мереке Бекебаевқа жаңа жұмысында табыс тілеп, оған алғыс хат табыс етті.
Бақыт Смағұл
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.03.2015
3184
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру