ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, облыстық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы қалалық «Құддыс ишан» мешітінде қала және аудан имамдарының басын қосты.
Аталмыш басқосуда бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, тапсырмалар берілді. Атап айтар болсақ, күн тәртібінде республикалық имамдар форумында қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті», «ҚМДБ-ның қызметкерлерінің этикасы» атты кітаптарды халыққа тегін тарату, қайырымдылық іс-шараларды көбейту, жамағаттың білімін жетілдіру мақсатында барлық мешіттің жанынан сауат ашу курстарын ашу және атқарылған шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттандыру мәселелері айтылды.
Одан бөлек Бас имамның «Салтымыздан қашпайық, шариғаттан аспайық» атты тақырыптағы жаназадағы ысырапшылдық туралы мақаласы тыңдалып, аталмыш мақаланы БАҚ ақпараттандыру тапсырылды.
Аталмыш мақалада мәйітті жуу, жаназадағы ғұрыптық және діни рәсімдер, жерлеу мәселесі және ысырапшылық туралы кеңінен жазылған.
Оқырманға және тұрғындарға үлкен ой салар аталмыш мақала алдағы уақытта қала және аудандық басылымдарда жарық көретін болады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.03.2015
3253
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру