Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам Әбу Ханифа шәкірттерімен кездесті (ФОТО)

05.03.2015 3187 0 пікір

Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет «Әбу Ханифа» атындағы медресе шәкірттерімен кездесіп, онда Астанада өткен І Республикалық имамдар форумы әңгімеге арқау етілді. Нұрбек қажы Есмағанбет форумның өткізілуінің және онда қабылданған құжаттардың Қазақстанды мекен еткен барлық мұсылмандар үшін неліктен және қаншалықты маңызды екендігін түсіндіріп берді. Бас имам: «2011 жылы қабылданған заңда екі ауыз сөз ғана, яғни Матуриди ақидасы мен Әбу Ханифа мәзһабында екендігіміз ғана айтылған болатын. Бірақ оны ашып терең түсіндіріп беретін құжат болған жоқ.  Ал енді осы құжаттар құқық қорғау органдары болсын, білім беру ордалары болсын, барлық мекемелердің қолында болса, оларға бұл энциклопедиялық мәлімет рөлін атқарады, олар біздің еліміздегі мұсылмандардың ұстаным негіздері жөнінде толық мағлұмат ала алатын болады»,-деді.

Кездесу соңында шәкірттер Бас имамға сұрақтарын қойып, көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды. 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру