Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оқушылар ой бөлісті (ФОТО)

05.03.2015 3710 0 пікір

Астана қалалық әкімдігі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті және «АқЖан» мәдени мұраларды қолдау қорының ұйытқы болуымен Елорданың №66 мектеп-лицейінде оқушылармен кездесуі өтті.

«Тәрбие мен білім – егіз» жобасы аясындағы жүздесуде өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы мен «АқЖан» қорының директоры Марат Бектизанов білім алудың артықшылықтары, адам баласына тән қасиеттер мен тәрбие жайында әңгіме өрбітті. «Адамзат ақыл-санасының дұрыс бағдарға бағытталуы өркениетті қоғамды құруға жол ашатыны сияқты, бұрыс бағытқа бұрылса қоғамның қалыптасуына зиянын тигізеді. Осы орайда әл-Фараби бабамыз «Тәрбиесіз алынған білім адамзаттың қас жауы» деп керемет сөз қалдырды. Білім – телегей теңіз, алып дария. Тәрбиесіз білім алынар болса, теңіз жағасына жету де қиын болмақ. Осы себепті де дана халқымыз «Өмір – өзен. Өзенге түскендегі мақсатымыз ағыспен ағу емес, жағану табу» деген. Әр дүниенің өз өлшемі, бірлігі болады. Білімдеріңізді ата-ана, ұстаздарыңыздың, мемлекетіміздің үмітін ақтаймын деп алыңыздар, игі жолда жұмсаңыздар» деді өкіл имам өз сөзінде.

Өкіл имамның сөзін жалғаған «АқЖан» мәдени мұраларды қолдау қорының директоры Марат Бектазинов оқушыларға білім жолындағы бәйгеде әркез биіктерден көрінуге шақырды. «Бүгінгі күн біліммен, ғылыммен ғана жеңіске жететін уақыт. Еліміздің болашағы сіздердің – жастардың қолында деп білеміз. Ал баянды болашақ білімді буынның еншісінде болмақ. Білімде жарысыңыздар» деді ол.

Бүгінгі кездесудің ерекше тұсы да бар. Дін мамандары мен оқушылардың отырысы диалог түрінде де өрбіп, жас буын өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ойларын да ортаға салды. Сондай-ақ, оқушыларға жат ағымдар жайлы түсірілген арнайы бейнероликтер де көрсетіліп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты сенімді сайттары таныстырылды.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру