Отырыс барысында алқаның алдағы жұмыс жоспары, тұжырымдамасы талқыланды. Сондай-ақ, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі үндеуі жиында сөз болды. Бүгінде баршаға белгілі, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі өз жұмыстарын жемісті атқарып, нәтижесінде қазіргі қоғамда дінаралық диалогтың, конфессияаралық келісімнің өзіндік үлгісі де қалыптасты десек болады. Осы орайда отырыста дін өкілдері алда болатын кезекті съезге дайындық бүгіннен басталу керектігін айтып, ой бөлісіп, пікір алмасты.
Жиынға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істер комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, «Дінтанушылар конгресінің» төрағасы, Мемлекеттік басқару академиясы «Мемлекеттің саяси стратегиясы» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Айдар Әбуов, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Ертас Мұратбеков және діни бірлестіктер жетекшілері мен өкілдері қатысты.
Жиында мәлім болғандай, күн тәртібіндегі мәселелер қатарында дін өкілдерінің әріптестік байланысы, конфессияаралық сыйластық қарым-қатынастары, сондай-ақ әлеуметтік салаларда да тығыз байланыс орнатуы секілді салмақты тақырыптар сөз болды. Қоғамның тұтастығын қалыптастырудың негізгі тетіктерін табу, діни радикализмнің алдын алу, ұлттар мен этностардың ауызбіршілік, ынтымағын арттыру сынды мәселелер бүгінгі отырыста талқыланып, нақты бағыттар бойынша атқарылар міндеттер айқындалды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.03.2015
2885
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру