Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам Түркістан ислам мәдениет орталығын аралады (ФОТО)

04.03.2015 4757 0 пікір

ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы, Бас имам Нұрбек қажы Есмағанбет бастаған 6 адамдық делегация Түркістан ислам мәдениет орталығын аралап, жұмыстарымен танысты. Делегация құрамында қаланың Бас имамы, Ислам және Өркениет газетінің Бас редакторы Оңғар қажы Өмірбек, ҚМДБ-ның пансионаттарға жауапты өкілі Мырзахмет Жүзей, Алматы қаласы дін істері басқармасы, діни ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы Әсет Доскеев, Әуезов ауданының Бас имамы Сейтбек Кутышев, Таугүл мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев болды.

Кездесу барысында Түркістан ислам мәдениет орталығының жұмыстары тексерілді. Сондай-ақ оның қаладағы әрбір пансионатына ҚМДБ өкілін тағайындау, пансионат намазханаларында жұма намазының оқылуын тоқтату, алдағы уақытта ұстаздарды аттестациялаудан өткізу, оқу бағдарламасы мен оқулық құралдарын сараптаудан өткізу мәселелері қаралып, орталықтың директоры Орынбай Рахымбеков және оның ҚМДБ-мен жасалған меморандумға жауапты маманы Хайдар Салқынбаевқа бірқатар тапсырмалар берілді. 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру