Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Монғолия мүфтиі Түркістанда (ФОТО)

04.03.2015 3771 0 пікір

Еліміге арнайы келген Моңғолия мұсылмандар одағының төрағасы, Бас мүфти  Батырбек қажы Қадысұлы Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласына зиярат етті.

Монголиядан келген бір топ қонақтарды Түркістан қалалық «Хилует» мешітінің бас имамы Омар Көбеков күтіп алды. Әзірет Сұлтан кесенесіне зиярет етіп, өткен марқұмдарға Құран оқыды.

Монголиядан арнайы жолдамамен келіп Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де оқып жатқан қазақ бауырларымыздың қазіргі жағдайын біліп, олармен сұхбат өткізді.

Зиярат барысында Моңғолия мұсылмандар одағының төрағасы, Бас мүфти Батырбек қажы Қадысұлы еліміздің күн санап дамып, экономикасының алға жылжыл келе жатқанына риза болып, осындай байтақ елді басқарып отырған Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа дұға етті.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру