Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Төрт құжат – төрт тағанымыз!

04.03.2015 3622 0 пікір

Түркістан қалалық мәдениет үйінде «Төрт  құжат – төрт тағанымыз!» атты кездесу болып өтті. Оған ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, Түркістан қалалық «Хилует» орталық мешітінің Бас имамы Омар Елеуұлы, Түркістан қалалық әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Бөкебаев, аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Нәліхан Шотаев және  ауыл имамдары қатысты.

Әуелі М.Естеміров 19 ақпан күні Астана форумында қабылданған маңызды төрт құжат жөнінде кеңінен түсіндіріп берді. Түркістан қалалық ардагерлер алқасының төрағасы Н. Шотаев ақсақал алып,  бұл құжаттама бойынша ел бірлігін сақтау, жастарды түрлі ағымдардан сақтандыру және т.б. көкейкесті мәселелерді сөз етті. Өз кезегінде Ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Бөкебаев елдің тұрақтылығы жолында, имандылықта сақтау мақсатында ҚМДБ-ның атқарып отырған істеріне ризашылықтарын білдірді. Және бұл құжат еліміздің дамуына бірден-бір серпін беретін құжаттама болатынына сенім білдірді.

Кездесу соңында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары М.Естеміров «Тұран-Түркістан» телеарнасы мен «Түркістан» газетіне форум туралы сұхбат берілді. 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру