Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Адасушылық діни сауатсыздықтан туындайды

04.03.2015 4347 0 пікір

«Атырау қаласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі өңіраралық кәсіпкерлік орталығының» студенттерімен «Дәстүрлі отбасылық құндылықтар және тәрбие мәселесі» тақырыбында кездесу өтті.

Жиынға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы, Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығының" басшысы Жарас Мағазұлы, мәдениет қайраткері Абат Кенжеғалиұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының төрағасы Қанат Әділханұлы және колледж студенттері қатысты.

Алдымен студенттерге «Жастарды алдаған – жат ағым» тақырыбындағы бейнефильм көрсетілді.

Облыстың өкіл имамы Б.Мансұров алғаш сөз алып: «Әлемдік діндердің ішіндегі тазалықты дәріптейтін - Ислам діні. Ол адамның абыройы мен ар-ожданын жоғары қойып, әділдік пен бейбітшілікті ту ететін дін. Бейбіт қарым-қатынаста тіршілік етіп, тыныштықта тату-тәтті өмір сүруді уағыздайтын бұл дін адамды мейірімділікке шақырады. Тек қана Ислам дінін емес, өзге де діндерді алып қарасақ, әлемде лаңкестікті, экстремизмді, соғысты жақтайтын діннің жоқ екеніне көз жеткізуге болады.

«Ислам бейбітшілікті қалайды, ал «ислам терроризмі» деп аталып жүрген нәрсенің діни де, ұлттық та белгісі жоқ» деп Елбасымыз атап өткен еді.  Қазір «діни экстремизм, терроризм, уаххабизм, сәләфизм» деген сөздер жиі айтылуда. Мұның бәрі құр адасушылықтан. Ал, адасушылық діни сауатсыздықтан туындайды», - дей келе, дінге ниетті жастардың білім үйренуде мешіт имамдарына ғана жолығу қажеттігін айтып өтті.

Шара соңында студенттер тарапынан сауалдар қойылып, толыққанды жауаптар беріліп, келген қонақтарға ризашылықтарын білдірді.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру