Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

6 күнде 60 кездесу дін мен дәстүрді дәріптеді (ФОТО)

03.03.2015 3404 0 пікір

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жанынан құралған дін қызметкерлерінен тұратын  ақпараттық-насихаттық топ облысқа қарасты аудандарда кездесулер өткізді.

Аталмыш АНТ мүшелері  уағыз айтылмаған ауыл қалмасын ұранымен 6 күнде 60 кездесу ұйымдастырды. Ақпараттық – насихаттық топтың мүшелері Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш, Сырдария аудандарында, ауданға қарасты ауылдық округтерде, мекемелер мен білім ошақтарында болып, дін мен дәстүрдің маңыздылығын, Ислам дінін туралықпен танудың жолдарын жете түсіндірді.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан болған сауалдарға мамандар жауап беріп, ұсыныс, пікірлер тыңдалды. Ақпараттық – насихаттық топтың екінші легі Арал, Қазалы аудандарына жолға шықты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»  мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру