ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының «Ынтымағы жарасқан ел озады» деген бастамасы аясында жамағат бауырмалдығы мен ынтымағын арттыру әрі ондағы жүргізілетін уағыздан рухани нәр алу мақсатында ай сайын кешкі жиын үзбей өткізіліп келеді.
Ақпанның 28-күні мешіт жамағаты кезекті жиында бас қосты. Алдымен аталмыш кездесуде "Әт-Тақуа" мешітінің наиб имамы, теолог Қанат Жұмағұл "Қонақжайлылық" тақырыбында уағыз жүргізді.
Дінтанушы әр ұлтқа тән әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер бар екендігін айта келе, соның ішінде қазақ дәстүрінде және ислам дінінде өзара ұштасатынын – қонақжайлылық турасында тоқталып, Құран Кәрім аяттары мен пайғамбар хадистерінен мысал келтіре отырып баяндады.
Атырау өңірінің бас имамы Б.Берденұлы: «19-ақпан күні Астанада тұңғыш рет "Ислам - бейбітшілік пен келісім діні" тақырыбында І республикалық имамдар форумы өтті.
Форум жұмысының басты мақсаты – «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Шынайы мұсылманның тұлғалық келбеті», «Имамның тұлғалық бейнесі» және «Дін қызметкерінің қызметтік этикасы» сияқты маңызды құжаттар қабылданды», - деп, соның ішінде шынайы мұсылманның тұлғалық келбетін қалыптастыру қажеттілігіне тоқталды.
Сонымен қатар, өкіл имам жиылған қауымға "Бірлік барда - тірлік бар" демекші, ислам атына кір келтіріп, мұсылман қауымын қаралауға жол бермеу керектігін түсіндіріп, ынтымақтастық пен бірлікке шақырды.
Кездесу соңында жамағат тарапынан сауалдар жолданып, оған тиісті жауаптар қайтарылды.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.03.2015
3155
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру