Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ауыл мешітіндегі келелі сұхбат

03.03.2015 3364 0 пікір

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков 1-ші наурыз күні шам мен құптан аралығында Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауыл мешітінде уағыз айтты. Жетібай ауылында былтырғымен салыстырғанда намазға бет бұрғандардың саны артып келеді. Әрине намазға бет бұрған жандардың дінге қатысты сұрақтары көп болатыны белгілі. Өкіл имам С.Сейтбеков үнемі мешіттерді аралап, жамағаттарға уағыз айтып, олардың сұрақтарына жауап беріп келеді. Осы үрдіске сәйкес Жетібай ауылындағы мешітке де барып, 2 сағаттай уағыз айтты. Уағыз барысында сәләфилік ағымның қателіктері жайында айтуды да ұмыт қалдырмады. Уағыз соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, құптан намазына имамдықа шықты.

Жамағатқа арнап мешітте дастархан жайылып, шай берілді. Өкіл имам уағызы намаздан кейін дастархан басында жалғасын тапты. 

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру