Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда – «Жүректен жүрекке» акциясы

02.03.2015 4936 0 пікір

Алматы қаласындағы «Орбита» мешітінің жастар ісі бойынша өкілдігі «Жүректен жүрекке» атты еріктілердің ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Мешіт имамдары қайырымдылық іс-шаралардың мақсатын жалпы жамағатқа түсіндіріп, оның сауабы жайлы уағыз айтты.

«Исламда қайырымдылық жасаудың сауабы мол. Біздің мақсат – осынау сауапты іске өзге адамдарды да жұмылдырып, ортақ іске атсалысуға шақыру», – дейді ұйымдастырушылар.

Қайырымдылық шарадан түскен қаражат мемлекет тарапынан қаржыландырылмайтын «Ақ Үміт» мұсылман балалар үйіне берілді.

«Орбита» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру