Ұстаз – ұлағатты есім. Екі дүниенің бақытына жетелейтін құраннан дәріс беріп, халықтың діни сауатының артуына елорда ұстаздары айрықша үлес қосып келеді. Қала мешіттерінің ұстаздар қауымына арнап «Нұр Астана» орталық мешітінде дастархан жайылып, ас берілді.
Ақ ниетпен жайылған дастархан басында «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Жандос Айтбай ҚМДБ-ның Астанадағы өкіл имамы Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемдемесін жеткізіп, білім берудің ұлы іс екендігін айтып, барша ұстаздарға алғыс білдірді. «Халық тәмсілінде «Бір жылыңды ойласаң, егін ек. Он жылыңды ойласаң, ағаш ек. Жүз жылыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле, білімге көңіл бөл» деген тәлімі терең сөз бар. Сіздердің еңбектеріңіз еліміздің болашағына өз үлесін қосары хақ» деді Жандос Айтбай.
Отырыс барысында жуырда ғана өткен республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар жайы да сөз болды. Айта кету керек, бас мүфти бекіткен бас құжаттарда ұстаздық ету, діни сауат ашу курстары айрықша аталады. Осы орайда Астана ұстаздары құжаттарға бірауыздан қолдау білдіретіндіктерін айтып, өз ойларын да ортаға салып, пікір алмасты.
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.03.2015
3692
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру