Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақсақалдар дастарханы жалғасуда

02.03.2015 3298 0 пікір

«Қарты бар ел - қазыналы» демекші, қарттарға құрмет көрсету, батасын алу қашан да қалыптасқан дәстүріміз. Қазақ елі қай кезде де үлкеніне құрмет, кішісіне ізет білдіре білген дана халық.

«Иманғали» орталық мешітінде қазыналы қарияларға арналып кезекті дастархан жайылды.

Аталмыш жиынға арнайы қатысқан бас имам Б.Мансұров: «19-ақпан күні Астанада тұңғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында І республикалық имамдар форумы өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өткізген республикалық имамдар форумына еліміз бойынша 500-ге жуық өкіл имамдар мен аудан, ауыл молдалары қатысты.

Форумда дін саласындағы өзекті мәселелер қозғалып, оларды еңсеру жолдары талқыланды. Форум жұмысының басты мақсаты – «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Шынайы мұсылманның тұлғалық келбеті», «Имамның тұлғалық бейнесі» және «Дін қызметкерінің қызметтік этикасы» сияқты маңызды құжаттар қабылданды.

Бұл бастама мен аталмыш құжаттардың дайындалуы халық арасында имамдардың беделін арттырмақ», - дей келе, әрбір құжатқа жеке тоқталып, жиылған қауымға таныстырылды.

Жиын соңында қариялар жағы да бас имамның көрсеткен қамқорлығына дән ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығына, дініміздің өркендеп-өсуіне ақ баталарын берді. 

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру