Бүгін Моңғолия мұсылмандар одағының төрағасы Батырбек қажы Қадысұлы шырайлы Шымкент қаласындағы облыстық орталық мешітінде болды.
Мәртебелі қонақты ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасарлары Мұхамеджан Естеміров пен Еркебұлан Қарақұловтар күтіп алды.
Кездесу барысында жаңадан ашылған облыстық орталық мешітте атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, үлкен әсер алды.
Сондай-ақ, Моңғолия мұсылмандар одағының төрағасы Батырбек қажыға Діни басқарма және өкілдік тарапынан жарық көрген «Діни іс қағаздарын жүргізу тәртібі», «Мәуліт мүбәрак», «Бесін уағызы» кітаптарын хадия етіп, қазақи дәстүрге сай құрмет көрсетілді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.03.2015
3385
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру