Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Берекеге шақырған бірлескен шара (ФОТО)

02.03.2015 3043 0 пікір

Ақпен айының ақырғы күні ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исеновтың ұйымдастыруымен ЖУНТ-ның мүшелерімен бірге «Әбу Ханифа» қоғамдық қорының  өкілдерінен құралған жұмыс топтары үш бағыт бойынша аудан, ауыл мешіттерінде болып қайтты.

Бірінші топта  өкіл имам  Исенов Нариман, «Әбу Ханифа» ҚҚ-ның директоры   Кеңесбаев Кенже, облыстық діни істер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұқанов Руслан, осы басқарманың бас маманы Досмаков  Рустамдар Баянауыл ауданының «Мұса мырза» мешіті және Майқайың кенті мешітінің жамағаттарымен кездесіп әңгіме сұхбаттар жүргізіп,  өңір басшылары, ауыл ақсақалдары, діндар қауыммен келелі кеңестер өрбітті.

Ал, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Манапбаев Нұржан, «Әбу Ханифа» ҚҚ-ның алқа мүшелері Жантурин Абылай, Нұрғалиев Қайыртас  бастаған екінші топ мүшелері Екібастұз ауданы және Слонечный кенті мешіттерінде, ал облысымыздың қадірменді азаматтары, «Әбу Ханифа» ҚҚ-ның төралқа мүшелері Түгелбаев Әбілхақ, Байболатов  Сапарғали бастаған топ мүшелері Екібастұз ауданы Ақкөл ауылы «Исабек ишан» мешітінде болды. 

Аталмыш жұмыс топтарының  іс-сапары  алдын-ала хабарландырылғандықтан мешіттерде жергілікті халық өкілдері , мешіт жамағңаттары, ауылдың қадірменді ата-апалары, белсенді жастармен қатар ауыл, кент әкімдері, аудан әкімінің тиісті саланы жауаптанған орынбасарлары, ішкі саясат бөлімінің басшылары, жауапты мекеме басшылары түгелдей қатысып, әркім өз ой-пікірлерін ортаға салып, халықты береке-бірлік пен ынтымаққа шақырған, жастар мен жеткіншектерді адасушылықтан сақтандырған келеі ақыл –кеңестерге тола, берекелі әңгімелер айтылып, ауыл қарттары мен жастары арасына ізгілікпен түсіністікке негізделген өзара пәтуалар жасалды.

Ал көктем басы наурыз айының 2 жаңасы күні аталмыш топ мүшелері Ақсу ауданы және оған қарасты кейбір мешіттермен қатар Ертіс ауданының орталығы және шалғайдағы Иса Байзақов, Майқоңыр,Ағашорын аулы мешіттерінде болып, халықпен жүздесуге аттанды. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру