Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңызды басқосулар жалғасуда (ФОТО)

02.03.2015 3219 0 пікір

Қостанай облысына қарасты Қостанай аудандық «Мандай батыр» мешітінің имамы Азамат Серікбайұлы аудандық ішкі саясат бөлімімен бірге қазіргі уақыт талабына сай халықтың діни сауатын арттыру мақсатында ауданға қарасты ауыл тұрғындарымен, мұғалімдері және мектеп оқушыларымен кездесулер өткізді.

Мәселен осы жүздесулер барысында «Кері ағымдардың қоғамдағы зияны», «Отанды сүю - иманнан», «Ислам бейбітшілік діні», «Ата-ананы құрметтеу», «Ілім алудың жолдары» сияқты маңызды тақырыптарды басшылыққа алуда.

Ең бастысы, жиналған жұртшылықтың діни білімге деген құштарлығы сезіледі. Дін қайраткерлері олардың сауалдарына нақты жауап беріп, тақырыптарды жан-жақты қамтуда. 

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру