Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен ел тарихында тұңғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты I республикалық имамдар форумы өткізілген болатын. Елордасы Астанада өткен бұл форумда маңызды төрт тәлімдік құжаттар қабылданды.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы А.П.Керімбектің тапсырмасымен облыс көлемінде форумдағы қабылданған тәлімдік құжаттар кеңінен насихатталуда. Осыған байланысты ОҚО Бәйдібек ауданында ардагерлер, ауыл билері, мемлекеттік қызметкерлер, колледж студеттері, аудан тұрғындары және аудан имамдарының қатысуымен басқосу өтті. Кездесуде форумда қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты тәлімдік құжаттармен ауданның Бас имамы С. Байниязов таныстырды. Облыстық орталық мешітінен барған найб имам Е. Қарақұлов бұл құжаттарға шолу жасап «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы» және «Имамның тұлғалық келбетіне» кеңінен тоқталса, I республикалық имамдар форумының делегаты, Шымкент қ. Абай ауданының Бас имамы Д. Желеуов ҚМДБ қызметкерінің этикасы» және «Мұсылманның тұлғалық бейнесін» түсіндіріп өтті. Кездесу соңында жиналған қауым бірауыздан қолдау көрсетіп, дән ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі, баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.03.2015
3419
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру