Кентау қалалық «Нұр Отан» партиясының филиалының мәжіліс залында Астанада өткен «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты I республикалық имамдар форумы кеңінен насихаттауға арналған кездесу өтті.
Кездесуді ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров ашып, жүргізіп отырды.
Оған қалалық орталық мешіттің имамы Исмайл Панов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев, қалалық «Нұр Отан» партиясының филиал орынбасары Расул Самат, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сағымбек Асылбеков және қала имамдарымен қатыстып, өз ойларымен ортаға салды.
Қалалық «Нұр Отан» партиясының филиал орынбасары С.Расул мырза алдағы уақыттарда қабылданған төрт құжатты мектептер мен түрлі саладағы азаматтарға насихаттауға үлес қосатындығын жеткізді. Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Жұмабаев ақсақал дін мен дәстүр, отбасы, т.б. мәселелердің енгізілгеніне дән риза екендігін айтып, ризалық білдірді.
Шара аясында өкіл имам орынбасары М.Естеміров «Икар» телеарнасы мен «Кентау шұғыласы», «Қаратау тәжі» газеттерінің тілшілеріне сұхбат берді.
Жалпы, кездесу өте жоғары деңгейде өткзілді.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.03.2015
3257
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру