Маңғыстау облыстық орталық мешітінің найб имамы Базарбай Нұрболат өкіл имам С.Сейтбековтың тапсырмасына орай Орал медресесіне арнайы барып қайтты. Мақсат Орал медресесінде оқып жатқан маңғыстаулық шәкірттердің тыныс тіршілігімен танысу. Маңғыстау облысынан былтырғы жылы 10 шәкірт Орал медресесіне оқу үшін жолданған болатын. Барлығы дерлік 1 курсқа қабылданды. Сондай-ақ 2-3 курс студенттері арасында маңғыстаулық шәкірттер тәлім алуда.
Найб имам Н.Базарбай маңғыстаулық шәкірттермен жүздесіп, олардың дәрістерін тыңдап, бірге ас ішіп, сұхбаттасып, тыныс тіршілігін көріп қайтты.
Бүгінгі шәкірт ертеңгі маман болғандықтан оларға қолдау көрсету, көмек беру қажет-ақ.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.03.2015
3374
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру