Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаназада ысырапшылыққа жол берме!

02.03.2015 3578 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қалалық Тасбөгет кентіндегі «Құддыс ишан» мешітінің ұйымдастыруымен, кенттегі Сабира Майханова атындағы мәдениет үйінде көпшілік қауыммен кездесу өтті. Кездесуде «Жаназадағы ысырап», «Жаназадағы қонақасын тоқтату», «Жаназа намазын кешіктірмеу» сияқты маңызды тақырыптар сөз болды. «Құддыс Ишан» мешітінің бас имамы Садықов Жеңіс Нұрыллаұлы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында сөз сөйлеп, халықты ынтымақ пен бірлікке, ысырапшылыққа жол бермеуге шақырды.

Аталмыш жиынға Тасбөгет кент әкімі Ж.Алиев, облыстық мәслихат депутаты Тоғызбаев Асылбек Тоқмырзаұлы, кенттегі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Молдашев Рамазан Молдашұлы, қоғамдық ұйымдар және ҮЕҰ мүшелері мен ардагер ағаларымыз сондай-ақ, Тасбөгет кентінің ақсақалдары қатысып жаназадағы мәселелерге бір ауыздан келісіп, қолдайтынын білдірді.

Жиын барысында 200 дана «Иман» журналы таратылды.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру