Күндердің сұлтаны, қасиетті жұма күні Монғолия мүфтиі Өмірбек Мұқай Қарағанды облыстық орталық мешітіне қонақ болып, арнайы жұма намазына қатысты. Алла үйіне жиналған барша жамағатқа жұма қабыл болсын айтып, Монғолиядағы қандастарымыздың ыстық сәлемін жолдады. Қазақ халқының бейбіт ғұмыр кешіп жатқанын, дәстүрлі дінімізді ұстанатынын зор мақтанышпен айта келе, Астанада тұңғыш рет өткізілген I-ші республикалық имамдар форумы төңірегінде жылы лебізін білдірді.
Жұма намазының алдында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреті халал өнімдерін шариғатқа сай стандарттау жұмысына Қарағанды өңірінен Уақасов Мадияр Мейіржанұлына бұйрық шығарғанын ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жиналған жамағатқа арнайы таныстырды.
Қарағанды өңірінде игі бастама Алла қаласа 2015 жылдың 1 наурызынан бастап өз жұмысын бастайтын болады.
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.02.2015
3548
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру