Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ-ның жыл басындағы тың бастамалары

27.02.2015 3628 0 пікір

Астанада Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен ел тарихында тұңғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты I республикалық имамдар форумы өткізілген болатын. Бұл форумның маңызды тұсы – «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» және «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты тәлімдік құжаттардың қабылдануы. Сонымен қатар форумның маңыздылығы күн өткен сайын артып келе жатқанын байқау қиын емес.

Осынау игі іс-шараны насихаттауда ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі қолға алып, бүгінгі таңда облыстың Бас имамы А.П.Керімбектің тапсырмасымен жан-жақты, кең көлемінде насихатталуда. Осыған орай ОҚО Шардара ауданында ардагерлер, ауыл билері, мемлекеттік қызметкерлер, колледж студеттері, аудан тұрғындары және аудан имамдарының қатысуымен басқосу өтті. Кездесуде «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты тәлімдік құжаттармен I республикалық имамдар форумында баяндама жасаған ауданның Бас имамы А.Данияров таныстырды. Ал облыстық орталық мешітінің найб имамы Е. Қарақұлов бұл құжаттарға шолу жасап «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы» және «Имамның тұлғалық келбетіне» кеңінен тоқталып өтті. Кездесу соңында жиналған қауым бірауыздан қолдау көрсетіп, дән ризашылықтарын білдірді.

ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі, баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру