Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Эфир тақырыбы: «Имам – исламның айнасы»

27.02.2015 3625 0 пікір

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров ақпан айының 26-күні «Қазақстан-Атырау»облыстық телеарнасының тікелей эфирде жүргізілетін жұмалық «Иман нұры» бағдарламасына қатысты. Бұл жолғы бағдарлама тақырыбы «Имам – ислам айнасы» деген атаумен өрбіді.

Бір сағатқа ұласқан бағдарламада бас имам Батыржан Берденұлы алдымен имамның сипаты мен шариғаттағы мән-мағынасы, қазақ даласында имам-молдаларға деген құрмет және қоғамдағы алар орны жайында жан-жақты түсінік берді.

Сондай-ақ, аталған діни-танымдық бағдарламада 19-ақпан күні Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» деген атаумен өткізілген І Республикалық имамдар форумы тақырып өзегіне айналды. Бас имам Б.Берденұлы имамдар форумының уақыт талабына сай өткізілгендігін атап, қорытындысы бойынша «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттардың бірауыздан қабылданғанын жеткізді. Мұнымен қоса, аталмыш құжаттардың ел ынтымағы мен бірлігін онан әрі нығайту жолында қосар салмағының жоғары екенін кең көлемді баян етіп, алған әсерімен де бөлісті.

Аталған бағдарлама барысында Атырау өңірінен өзге аймақтардан да шалынған қоңыраулар арқылы түрлі тақырыптарда сауалдар жолданып, бас имам тарапынан теледидар көрермендеріне тұщымды жауаптар қайтарылды.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру