«Тәрбие мен білім – егіз» жобасы аясында «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Жандос Айтбай №78 мектебінде оқушылар және ұстаздар қауымымен кездесіп, дін мен дәстүрдің сабақтастығы, білім алу және тәлім-тәрбие, ата-ананың қадыр-қасиеті туралы дәріс өткізді.
«Халқымыздың салт-дәстүрі, таным-түсінігің баршасында түсінген жанға, ойланған адамға үлкен ғибрат бар. Көп дәстүрлеріміздің асыл дінімізбен астасып, сабақтасып жатқанын көреміз» деп наиб имам оқушыларды қазақ халқының рухани мұралары жайлы мол мәліметпен сусындатты. Осы тақырып аясында арнайы дайындалған бейнеролик те оқушылар назарына ұсынылды.
Онан соң осындай оқу орнында оқытып, киіндіріп, тойындырып, мәпелеп өсіріп отырған ата-анаға құрмет көрсету, өмірлік бағдар көрсетуші ұстаздарды сыйлап, қадірлеу керекті жайлы да айтып өтті. Кеш соңынан шәкірттер дін мен дәстүр жайында сауалдарын қойды. Ал ұстаздар қауымы балалардың болашағына назар аударып, уақыт бөліп, дәріс өткізген дін қызметкеріне алғыстарын айтты.
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.02.2015
3190
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру