Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балғындар да пайғамбар жайлы сыр шертті (ФОТО)

27.02.2015 3418 0 пікір

Жақында Науан хазрет атындағы Көкшетау орталық мешітінде  ұлық пайғамбарды ұлағат еткен шара өтті. Оған аталған мешіт жанындағы сауат ашу бөлімінің жас балғын бүлдіршіндері  қатысты. Ал, олардың сан қырлы өнерін тамашалағандар қатарында осы сауап ашу курсының егде тартқан апа-әжелері де бар еді.

Әр сәби өздері үйде дайындап келген өнерлерін ортаға салды. Бірі асыл пайғамбарымыздың өнегелі өмірін қауырсын жырларымен паш етсе, енді бірі бейне ролик арқылы ұлағат етер көрсетілімді жұрт назарына ұсынды.

Сауат ашу бөлімінің ұстаздары өз шәкірттерінің өнеріне дән риза болды.  Бұл да жас бүлдіршіндердің Алланың елшісі – Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген құрмет екенін ұқтық. Осылай кішкентайынан имани тағылымнан нәр алып өскен адамның болашағы да жарқын болары сөзсіз. Ең бастысы, Алланың қалауынан шығу әр пенденің басты арманы болса керек.

Бақыт СМАҒҰЛ



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру