Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бас имамы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Талғат Сейіткәрімұлы Астана қаласында болып, ондағы медреседе білім алушы, бітіруші түлектерді Сыр еліне қызметке шақырды.
«Халыққа қызмет – Хаққа қызмет» екендігін етене түсініп, Сыр еліндегі діни тұрақтылықтың нық орнауына еңбек етіп жүрген өкіл имам жас мамандарды дінге қызмет етуге шақыра отырып,шәкірттерге халықтың рухани танымын нығайту жолында аянбай тер төккеннің сауабы мол екендігін түсіндірді.
Өңірімізге еңбек етуге бел буған жас дін саласы мамандарының айлық мәселесі, пәтер мәселесінен қиындық болмайтындығын да атап өтті.
«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.02.2015
3004
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру