Орал қаласындағы № 30 мектептің акт залында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігі мен Батыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасының бастамасымен «Ақпараттық насихат топ мүшелеріне арналған оқыту семинары» өз мәресіне жетті.
Алдымен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Тыныштықұлы сөз алып, семинарға қатысқан тыңдаушыларға діни ілімдерінді арттырып, екі дүниенің бақытына бөленіп жатырсындар. Асыл дінімізде көкірегі ояу, білімді жандардың жақсылық атаулымен жарысатыны анық,- ақ тілегін жеткізді.
Қарағанды облысынан келген Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған РАНТ-ның мүшесі, теолог Рүстем Мәлікұлына өз ризашылығын білдірді.
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған РАНТ-ның мүшесі, «Нұрлы білім» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, теолог Рүстем Сыздықов діни семинарда ілім алушыға дән риза болғандығын, өте сабырлық танытып, ықыласпен тыңдап, жоғары дәрежеде өткендігін жеткізді.
Барлық қатысушылар алған білімдерін тест арқылы тапсырды. Ең жоғары балл жинаған Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов пен Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық мешітінің бас имамы Қобылан Демеутовке облыс имамы Руслан қажы Тыныштықұлы сертификатты табыс етті.
Діни дәріс алған Орал орталық мешітінің "Ақсақалдар" алқасының мүшесі Мақсот қажы Құсалиев теолог маманы Рүстем Мәлікұлына шексіз алғысын тыңдаушылар атынан айтып, бағалы сыйлықты табыс етті.
Үш күнге созылған діни семинарға 120 жуық тыңдаушы қатысты.
Нұрлан ҚАБЫКЕШ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.02.2015
3291
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру