Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт қызметкерлері қарттар үйінде (ФОТО)

26.02.2015 3214 0 пікір

Қарттар қашанда халық қазынасы бола білген. «Ауылыңда қартың болса жазулы тұрған хатпен тең» деп қазақ халқы бекер айтпаса керек.

Ата-ананы құрметтеу жайлы Құран Кәрімде Ісра сүресінің 23 аяттарында: «Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, ата-анаға жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: (ол екеуіне) «түһ» деме. (кейіс білдірме)» деп жазылған. Шариғатта ата-анадан бас тартпақ түгілі, қатты сөйлеген пенденің жазасы ауыр.

Жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызға пана болған осынау аты жаныңа батса да ондағы тұрғындарды құрметтеп, сыйлап, есінен шығармай жүретіндер аз емес.

Әрине, атауы қатал болғанымен, мұнда ата-әжелердің аялы алақаны мен ақ батасы бар.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы мен бірқатар мешіт қызметкерлері қарттар үйінде болып, ондағы қарияларға сый-сияпаттарын ұсынып, баталарын алды. 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру