Сыр өңірі ежелден қазақылықтың қаймағы сақталған мекен екені белгілі. Бүгінгі таңда өңірімізде Ислам дінін насихаттаумен қатар, салт-дәстүрлерді ұстану, отбасы құндылықтарын бағалу бағытында дін қызметкерлері тарапынан іс-шаралар молынан өткізілуде.
Аймақтың дін қызметкерлері облысымыздағы барлық жастар мен жасөспірімдерге уағыз-насихаттар жүргізіп, көкейлерінде жүрген сауалдарына жауаптар беруде. Бір күнде бірнеше білім ошақтарын аралаған мешіт имамдарынан құралған ақпараттық-насихаттық топ аталмыш жұмысын жыл бойына жалғастыра беретін болады.
Атап айтар болсақ, осындай игі шаралардың алғашқысы жергілікті №11,12,15,23,43 орта мектептерде өткізілді.
Сонымен қатар, аймағымызда мешіт тарапынан мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік аз қамтамасыз етілген жандарға қол ұшын созу, қайырымдылық шараларын өткізу де қарқынды жүргізілуде.
Көмек алған жандар өз ризашылықтарын білдіріп, мешіт қызметкерлерінің жанашырлығы мен жауаптылығына алғыстарын жеткізуде.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.02.2015
3214
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру