Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Форумға орай баспасөз маслихаты өтті

26.02.2015 3335 0 пікір

Елімізде тұңғыш рет ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында республикалық имамдар форумы өткендігі белгілі.

Осы орайда «Сыр медиа» ЖШС жанынан құрылған облыстық коммуникациялар орталығында ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілі, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров жергілікті БАҚ өкілдеріне арнайы  баспасөз мәслихатын өткізді.

Форум аясында қозғалған мәселелерге кеңінен тоқталған өкіл имам Елбасының жолдаған құттықтау хатындағы «Форум отандық мүфтият қызметіне тың серпіліс беріп, дін саласындағы түйткілді мәселелерді шешудегі имамдардың рөлін арттыруға себін тигізеді» - деген сенімін жеткізді.

«Сондай-ақ, Мемлекет басшысы имамдарды діни тұрақтылықты нығайтуға, жастарды теріс ағымдар ықпалынан сақтау жолында табанды жұмыс жүргізуге шақырды. Алғаш рет өткізілген аталған форумға облысымыздан 15 имам қатысты.

Форум қорытындысы бойынша «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», және «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттар қабылданды», - дейді Талғат Омаров. 

«Ақмешіт- Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру