Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шет елдік қонақтар ҚМДБ Ислам институтының тыныс-тіршілігімен таныстырылды (ФОТО)

26.02.2015 3373 0 пікір

25 ақпан күні Алматы қаласының  Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет Ресей мұсылмандары діни басқармасы төрағасының  бірінші орынбасары  Дамир хазрат Мухетдинов, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы мүфтиінің орынбасары Равшан Эратов, «Нұр-Мүбәрак» университетінің ректоры Доктор Буда Басюни мырзаларды ҚМДБ жанындағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Қонақтар, мешіт имамдарының білім-біліктілігін жетілдіруде мемлекет тарапынан да, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан да жіті қадағаланып, имам имиджінің қоғамда оң сипатта қалыптасуына ықпал етудегі жемісті еңбектерін тілге тиек етті.

Институт жұмысымен танысқаннан кейін Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы мүфтиінің орынбасары Равшан Эратов «Бүгінде Қазақстанда ислами оқу-ағарту саласында өзіндік орны бар, мұндай институт ашу көп елге арман. Бұл ҚМДБ–ның жемісті ісі. Басқарма басында тұрған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына, аталмыш оқу орнының директоры Мырзабай ұлы Кенжеәлі қажыға ризалығымды бідіремін»,- деді. Қонақтарға халқымыздың ата дәстүріне сай иықтарына шапан жауып, институт туралы мәлімет беретін кітап, күнтізбелер сыйға берілді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру