Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ-ның мүшесі Рүстем Сыздықов жамағатпен жүздесті

26.02.2015 3800 0 пікір

Орал қалалық мешітінде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған РАНТ-мүшесі, «Нұрлы білім» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы қоғамдық бірлестігінің  төрағасы, теолог Рүстем Сыздықов мешіттің жамағаты мен медресе шәкірттерімен кездесті.

Алдымен облыс имамы Руслан қажы Сұлтанов Ақжайық өңіріне келген теолог Рустем Сыздықовты қалың жұртшылықпен таныстырды.

Алла үйінде Рүстем Мәлікұлы қазақтың тұңғыш ұстазы Ыбырай Алтынсарин мен Ақжайық өңірінен шыққан ақын, композитор, батыр Махамбет Өтемісұлының "Алла Тағала" жайында жырларына тоқталды.

Асыл дініміздің құндылықтарын жеткізіп, жиылған қауымды ауызбіршілікке, ынтымаққа шақырды.

Жамағат арасында туындаған сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алынды.

 Нұрлан ҚАБЫКЕШ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру