Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мазхаб ұстанымы насихаттталды

26.02.2015 3259 0 пікір

Маңғыстау облысына 4 күндік іс сапармен келген «Сарыағаш» медресесінің директоры  Әбсаттар Сманов уағыз-насихат жұмысын Жаңаөзен қаласынан бастады.  Қалалық мешітте жұма уағызында құтпа айтқан белгілі дінтанушы Әбсаттар Шәкірұлы дініміздің асыл құндылықтарын баяндап, мазхаб ұстанымын дәлел -дәйектермен толықтай жеткізді. Мұнан кейін Теңге ауылдық мешітінде болып, ондағы жамағаттың толғандырып жүрген сауалдарына жауап берді. Намазхандардың көпшілігі қазіргі сәләфиттік ағымын ұстанып жүргендердің бағыт- бағдарын, олардың амалдарындағы қайшылықтар туралы сұрады.  

Сапар барысында Әбсаттар Сманов  Ақтау қаласында орналасқан № 23 қатаң режимдегі түрмеде болып, жазасын өтеушілермен кездесті. Оларға мазхаб ұстанудың артықшылығы, жат ағымдардан келетін зардаптар жайында әңгімеледі. Сондай -ақ, тәкфир, таблиғи бағытында жүрген замандастарымызбен жеке –жеке сөйлесіп, олардың тарапынан қойылған  шариғат сұрақтары мазхаб тұрғысынан жан –жақты түсіндірілді.

Сапар соңында Әбсаттар Сманов Маңғыстау облыстық орталық мешітінде болып, ақшам мен құптан намазы аралығында мешітке жиналған жамағатқа уағыз жүргізді.  Уағыз  тыңдауға жиналған ақтаулық жамағаттың қарасы көп болды. Олар өздерін мазалаған «Намаз оқымаған адамды кәпір деуге бола ма», «Алдыңғы сапта намаз оқып, фарыз намаздан кейін сапты тастап шығудың шариғаттағы үкімі» т.б. секілді сауалдарына жауап алды.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру