Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті мен Астана қалалық әкімдігі, дін істері, білім басқармаларымен бірлесе қолға алынып, екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған «Тәрбие мен білім – егіз» жобасы қала мектептерінде жүйелі жүздесулерін жалғастыруда.
Бүгін «Әлжан ана» мешітінің наиб имамы Дәурен Жақыпжан №14 мектеп оқушыларымен кездесіп, асыл дін мен ата дәстүрі, пиғылы теріс ағымдар жайлы тұщымды баяндама жасады.
«Тарихтан оқыдыңыздар, халқымыз ежелден ислам дінімен бірге жасасып, діні мен дәстүрін ұштастырып, өмірлік өлшеміне айналдырып келген. Ұстанып жүрген салтымыз бен қолданыстағы мақал-мәтелдеріміздің көпшілігі шариғатпен, сүннетпен етене жақын байланыс тапқан. Осы ата дінімізді теріске шығарушы кейбір дін атын жамылған ағымдар да бар. Ел арасында түрлі діни түсініспеушілік осылардан туады. Сонау ғасырдан Ханафи мектебімен негізі қалаған дәстүрлі дініміз Ата заңымызда, яғни Конституциямызда да айқын көрініс тапқан» деп дін жайында маңызды мәліметтер берді.
Наиб имам сондай-ақ жастардың жат ағымға ілесіп, жаңылыс кетпеуі үшін тек қала мешіттерінің имамдарынан діни сауат ашу керектігін де баса айтты. «Кез келген саланың өз маманы бар. Дін саласы да өте күрделі әрі нәзік тақырып. Кез келген адам жол сілтей салатын сала емес. Дұрыс әрі керекті мәліметтерді тек дін қызметкерінен, мешіт имамдарынан алғандарыңыз дұрыс» деді сөз соңында Дәурен Жақыпжан.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.02.2015
2920
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру