Таяуда елордасы Астанада Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен асыл дініміздің құндылықтарын дәріптеуде ел тарихында тұңғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты I республикалық имамдар форумы өткізілген болатын. ҚМДБ өткізен бұл форумның маңызды тұсы – «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» және «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты тәлімдік құжаттардың қабылдануы.
Осыған орай ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы А.П.Керімбектің тапсырмасымен облыс көлемінде форумдағы қабылданған тәлімдік құжаттар кеңінен насихатталуда. Тапсырмаға сәйкес ОҚО Мақтаарал ауданында ардагерлер, ауыл билері, мемлекеттік қызметкерлер, колледж студеттері, аудан тұрғындары және аудан имамдарының қатысуымен басқосу өтті. Кездесуде «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты тәлімдік құжаттармен I республикалық имамдар форумының делегаты, ауданның Бас имамы Б.Сыздықов таныстырды. Ал облыстық орталық мешітінің найб имамы Е. Қарақұлов бұл құжаттарға шолу жасап «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы» және «Имамның тұлғалық келбетіне» кеңінен тоқталса, I республикалық имамдар форумында баяндама жасаған Шардара ауданының Бас имамы А.Данияров «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» және «Мұсылманның тұлғалық бейнесін» түсіндіріп өтті.
Кездесу соңында жиналған қауым бірауыздан қолдау көрсетіп, дән ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.02.2015
4117
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру