Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам сұхбат берді

25.02.2015 3560 0 пікір

2015 жылғы 19 ақпанда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚМДБ-ның  ұйымдастыруымен  «Ислам  - бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында елімізде тұңғыш рет І  республикалық имамдар форумы өткізілгені белгілі.

Аталмыш форумға еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық имамдар барғаны да аян.

Сыр өңірінен аталмыш форумға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, облыстық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров бастаған 15 имамнан құралған делегация қатысты.

Талғат Сейіткәрімұлы өңірге келгеннен кейін жергілікті «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасы арқылы форумнан алған әсері жайында сұхбат берді.

Форум аясында қозғалған мәселелерге тоқтала келе өкіл имам алдағы атқарылар маңызды шараларды көрерменге түсіндіре кетті. 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»  мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру