Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тәлім-тәрбие сауаттылықтан бастау алады

25.02.2015 3403 0 пікір

Ақпанның 24-күні Атырау бизнес және құқық колледжінде "Дәстүрлі отбасылық құндылықтар және тәрбие мәселесі" тақырыбында кездесу өтті.

Жиынға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы, Дін істері басқармасы "Ақпараттық-талдау орталығының" басшысы Жарас Мағазұлы, "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанаты атқарушы хатшысы Асқар Бопылдықов, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының оқытушысы Жаннат Уахитқызы және колледж студенттері қатысты. 

Өкіл имам Батыржан Мансұров алғаш сөз алып: "Иман – жүректегі нұр, ал нұрдың сыртқы болмысы − имандылық. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.): «Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім», - деуі арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі бола білді және отбасы мен қоғам тәрбиесін өзі көрсете білді", - деп, жастарды имандылыққа, ар-ұятты сақтауға және дәстүрлі дініміз бен теріс ағымды ажырата білуге, яғни сауатты болуға шақырды. 

Шара соңында студенттер тарапынан "Балақты қысқарту дұрыс па?", "Емшіге бару шариғатқа қайшы ма?" деген секілді сауалдар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру