Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтановтың бастамасымен «Орал» орталық мешітінде облыс, қала, аудан мешіттерінің имам-молдаларын жинап алып, Астана қаласында тұңғыш өткен «Имамдар форумы» турасында кең отырыс болып өтті.
Отырыста облыс имамы Руслан Тыныштықұлы: Астана қаласындағы "Бейбітшілік пен келісім" сарайында "Ислам-бейбітшілік пен келісім діні" тақырыбында І республикалық имамдар форумы жоғары деңгейде болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы форумға қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын жібергендігін жеткізді. Форум діндегі тұрақтылықты сақтауда имамдардың беделін көтеруде, мүфтияттың жұмысын дамытуға тың серпін бергендігін, дін саласындағы өзекті мәселелерді шешу мен жас ұрпақты теріс қорғауда имамдардың белсенділіктеріне тоқталды,-облыс имамы.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен форумға еліміз бойынша 500-ге жуық имам-молдалар, көрші Ресей және алыс-жақын елдердегі мифтияттың имамдары, өзге діннің өкілдері, Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері және белгілі қоғам қайраткерлері қатысты. Осыған байланысты имамдардың пікірлерін ұсындық:
Орал қаласындағы орналасқан «Түлбаев Мұхаммед-Гариф» мешітінің бас имамы Қажымұқан қажы Ғилманов:
– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан республикалық имамдар форумы – заман талабына сай өтті. Себебі бүгінгі таңда елімізде діни ахуал аса күрделі. Кейбір бауырларымыз дәстүрлі дінімізге қайшы келетін ұстанымдарды халық арасына таратып, жас буын өкілдерін шатастыруда. Қазіргі уақытта заманның барлық жетістіктерін пайдалана отырып таратуда. Ал форумда діни басқарма тарапынан бекітілген «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Шынайы мұсылманның тұлғалық келбеті», «Имамның тұлғалық бейнесі» және «Дін қызметкерінің қызметтік этикасы» сияқты маңызды құжаттар талқыланды. Әрине, бұл құжаттар имамдарға үлкен жауапкершілік артатыны белгілі. Барлық имамдар мен діни мамандары бірігіп күресетін болса, біздің халқымыздың діни сауаты артып, еліміздің рухани жағдайы жақсарады деп сенемін.
Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұралиев:
– Имамдардың тұңғыш форумы, ҚМДБ-ның қабылдаған құнды құжаттары дәстүрлі ислам құндылықтарын сақтап, елдегі діни ахуалға тікелей әсер етіп, мұсылмандарды бір қолдан жең, бір жағадан бас шығаруға үндеді.
Имамдардың басқосуынан үлкен үміт күтеміз. Жас ұрпақты бесіктен бастап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, ата-ананы сыйлауға, дәстүрлі ислам құндылықтарын тереңнен жеткізуге тәрбилейді бұл форум.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.02.2015
3654
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру