Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С.Ахмадиев Талдықорған қаласындағы «Жетісу» қайырымдылық мекемесінде арнайы шәкірттерімен кездесіп, тәрбие мәні, білім іздеу, мұсылмандық тұлғасы турасында дәріс жүргізді.
Дәріс барысында, бірлік-ынтымаққа, ізденуге, білімге құштарлыққа баса назар аударып, нақты Құранның аяттары мен хадистерден дәләлдер келтірді. Кездесу барысында, шәкірттердің бір қатар сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарына құлақ асып, әрдайым «бірлікте бірігіп, ынтымақта ұйытқы» болуды өсиет етті.
Кездесу соңында, шәкірттер ыстық лебіздерін білдіріп, бас имамға алғыстарын айта, осындай есте қалар кездесулер жиі болса екен деп, тілектерін жеткізді.
ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.02.2015
3410
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру