Орал қаласындағы №30 мектептің үлкен мәжіліс залында Батыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасы және ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігімен «Ақпараттық насихат топ мүшелеріне арналған оқыту семинары» басталды.
Оған облыстық, қалалық, аудандық мешіттерінің имамдары мен молдалары, мемлекеттік қызметкерлер, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылары, колледжі мен мектептің дінтану пәнінің мұғалімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Оқыту семинарының мақсаты: облыстық деңгейдегі АНТ мүшелерінің жат ағымдарға қарсы діни сауаттылығын арттыру, асыл дінімзді халыққа көркем мінезбен жеткізіп, діни сауатын арттыру.
Аталмыш шарада облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов сөз алып, семинардың жұмысына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тілеп, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының РАНТ- мүшесі, «Нұрлы білім» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, теолог Рүстем Сыздықовты жиналған қауымға таныстырды.
Семинарда Рүстем Мәлікұлы Батыс өңірінен шыққан, алты алашқа аттары мәшһүр Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтердің діни еңбектеріне тоқталып, қазақтың тұңғыш ұстазы Ыбырай Алтынсарин мен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының дін турасындағы құнды еңбектеріне тоқталды.
Алғашқы дәріс «Деструктивті культтер, экстремистік ұйымдар мен ағымдар әрекетінің негізгі принциптері мен тәсілдері», «Конфессияаралық келісімнің Қазақстандық моделі» атты тақырыптар бойынша оқылды.
Семинарға қатысушыларға қазақ орыс тілдерінде оқу әдістемелік кітапшалар үлестірілді.
Электронды тақтада слайд, кесте арқылы көпшілікке қарапайым тілде кеңінен түсіндіріліп, сұрақ-жауап арқылы өз жалғасын тапты.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.02.2015
3223
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру