23-ші ақпан күні «Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы мешітінде Жезқазған аймағы бойынша өкіл имамы Смағұлов Мәди Тоқпанұлы қала, аудан, ауыл имамдарымен танысу және Астана қаласында өткен «Ислам-бейбітшілік пен келісім діні» атты І республикалық имамдардың форумын қорытындылау мақсатында жиналыс өткізді.
Бірінші кезекте өкіл имам аймақтық имамдарға өзін таныстырып, әр имаммен жеке-жеке танысты және ҚМДБ-ның алғаш рет өткізілген имамдар форумы жайлы талқылады. ҚМДБ-нан келген тапсырмаларға жеке-жеке тоқталып, уақытылы орындалуын тапсырды. Әр бір имам мүмкіншілігіне қарай ҚМДБ-ның жаңа үлгідегі шапанымен діни рәсімдер, бес уақыт намаздарды жүргізуін ескертті. Содан соң, имамдарға «Нұр» Қазақ-Египет ислам университеті мен «Астана» медресесіне бес шәкірт дайындаған имамға осы жылы үлкен қажылыққа жіберілетіндігі айтылды. Өкіл имам Мәди Тоқпанұлы әр бір имамның мешіт құжаттарын реттеп, толықтыруына жауапкершілікпен қарауын міндеттеді.
Сонымен қатар, мешітке келген жамағатты әдептілік, көркем мінезбен қарсы алып, сыпайы шығарып салуын тапсырды.
«Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.02.2015
3440
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру